Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылында ерікті жастардың ұйымдастыруымен көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек берілді. «Махат ата» мешітінің имамы Чалиев Ескендір ерікті жастармен бірге ауыл тұрғындарына көмекті үлестірді. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» - деп қазақ халқы бекер айтпаса керек-ті.
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

