Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы «Айдарбек ата» мешітіне арнайы барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы осы мешітте жұма намазын өткізді. Жуырда ғана жұма намазының оқылуына рұқсат берілді. Аудан имамы мешіт жамағатына жұма уағызын айтып, жұма намазын бірге оқыды. Барлық санитарлық талаптар сақталып өткен жұма намазына келуші жамағат аудан имамының уағызын мұқият тыңдады.
Жұма намазы – дінімізде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмәнсіз, әкеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да – сол күні болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұғасы қабыл болады», – дейді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі