#Шу ауданы: Қайғылы оқиға құрбандарына Құран хатым бағышталды

#Шу ауданы: Қайғылы оқиға құрбандарына Құран хатым бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда ғана жұртымыздың жүрегі ауыр салмақ салған Байзақ ауданы, Қайнар ауылында қайғылы оқиға орын алған еді.

Тас түскен жеріне ауыр. Ата дініміз болған іске болаттай берік болуды, қызметті адал атқаруды үндейді. Қызметтерін орындау кезде құтқарушылар, әскери қызметшілер қаза тауып, отбасылары қайғыдан қан жұтты.

Осыған орай, сын сәтте қатерге бас тігіп, шейіт болған жандарға Жаратқанның жәрдемін сұрап, Шу аудандық «Жәми» мешітіне қарасты имамдар бас қосып, хатым оқып, сауабын бағыштады.

ҚМДБ-ның торағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасымен атқарылған шараны Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы ұйымдастырып, қимасымен қоштасқан отбасыларға қамығып көңіл айтып, Алладан рахым тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 29 тамыз төтенше оқиғаға байланысты елімізде аза тұту күні жарияланды.

Антына адал, қызметіне берілген боздақтардың рухы шат болып, осы тектес қиыншылық енді қайталанбасын деген ниеттеміз.

Байжан Емберді

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: