Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылына арнайы іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлына «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар қызметтік үйдің құрылысын таныстырды.
Ауыл тұрғындарына мешітте ас беруге арналған қазан-ошақ, үстелдер жасалып қойылған. Бұл бастамаға риза болған ауданның бас имамы ауыл имамына алғысын білдірді.
Аудан имамы Ораза айт қарсаныңда мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, мешітке келуші жамағатқа санитарлық талаптарға сай болу керектігін басып айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі