Қордай аудандық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орталық мешітте Айт мерекесіне арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Игі науқан аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 21 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен жасалған қайырымдылыққа көмек алған аналар алғысын білдіріп, келе жатқан айт мерекесімен құттықтады.
Алла Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят) дегенін айта кетейік.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі