Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің ұстазы Зухра Ибрагимова оқытып жатқан шәкірттерімен бірге қасиетті Рамазан айында 5 рет хатым түсірді.
Шәкірттер күніне бір пара, екі парадан оқып отырды. Онлайн режим арқылы оқылған қасиетті Құран үшін Рамазан айында үлкен сауаптардан жазғай. Мешіт имамы Рахматулла Каримов хатым оқыған шәкірттерге алғысын айтып, батасын берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



05 Март 2026
16 Рамадан 1447

