Халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Осыған орай, Жамбыл облысындағы "Халал Даму" сертификаты бар кәсіпорындарға "Халал ас" тақырыбында семинар-тренинг жасалды.
Тараз шаһарында орналасқан жартылай фабрикат өнімдер шығаратын "ИП Пышка", "Дас" ЖК, "Хамралиев" ЖК, ИП "Назармухамедов", ИП "Тим" шұжык өнімдері цехына ҚМДБ Халал Даму ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов, "Әулие ата" мешітінің имамы Ораз Баймаханов, "Әзрет Әли" мешітінің имамы Ғазиз Ахмет арнайы барып семинар жүргізді.
Халал астың пайдасы, қайтсе тағам халал болады, ас даярлау барысындағы адам тазалығы, жұмысқа деген құлшыныс мәселелері арқау болған тренинг кәсіпорын қызметкерлеріне өте құнды мағұлматтар беріп, сауалдарына жауап болды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі