Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Жайсан ауылы, "Жаңабай баба" мешітінің имамы Қыдырбек Сисенов молданың ұйымдастыруымен, аталмыш ауылда тұратын, тұрғындардың басын құрып, «Ихсан ілімі және оның маңызы» турасында өсиет айтты.
Сонымен қатар, жаназа және жерлеу рәсімдері туралы сөз өрбіді. "Жаназа астағы ысырапшылдықты тоқтату керек. Қайғы дастарханы ол той дастарханы емес. Жұпыны болу керек. Қарызданып-қауқаланып дастархан жасап, оны ертең төлей алмай қысылып жүрген, қанша адамды көрдік. Осы ысырапшылдықты тоқтату біздің қолымызда" - деген ауыл молдасы Сисенов Қыдырбек, халықты бірізділікке шақырды. Шара соңында көпшілікке Құран оқылып, бата жасалды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі