#Жамбыл: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

#Жамбыл: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы Жамбыл ауданының «Халыққа қызмет көрсету» орталығындағы жас мамандармен кездесіп, «үлкенге –құрмет, кішіге-ізет» тақырыбында насихат айтты.

Пайғамбарымыздың  хадисінде: «Біреуге қолымен немесе тілімен зәрердей зиянын тигізбеген адам нағыз  мұсылман», - деді. Бұл хадисте баян етілгендей Алла тағаланың алдында нағыз мұсылман болу үшін  тек намаз оқып, ораза тұтып, садақа беріп қана шынайы мұсылман бола алмайды екенбіз. Ол үшін ең бастысы адам өзінің тіліне ие болуы керек екені ашық айтылып тұр.

Халыққа қазмет көрсету орталығына үлкенді-кішілі кісілер келгенде, шынайы қызмет көрсетіп, реніш білдірмей жұмыс атқару керектігін бас имам тілге тиек етіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. 

 Серік Нұркелді

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: