#Талас ауданы: «ерделеу жұмысы жүргізілді

#Талас ауданы: «ерделеу жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданына қарасты ауыл мешіттеріне Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бақтияр Амиреев, Талас ауданының бас  имамы Н.Алиев барып, мешіт жамағаттарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Мешітке келген жамағатқа қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан айы жайында кеңінен уағыз айтылды. Мешіт жамағатының сұрақтарына жауап берілді.

Ауыл имамдарына киім үлгілері әдепке сай болуын, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, жамағатпен карантин талаптарын сақтай отырып намаз өткізуді қолға алу,  сонымен қатар,  наурыз айында мешітті көгалдандыру, тал егу, т.б. бірқатар тапсырмалары жүктелді.

Аудандық «Қаратау қажы би» мешіт баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: