Талас ауданы «Қаратау қажы би» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Дін істер басқармасының басшысы Омаров Жангелді, облыстық «Һибатулла» мешітінің найб имамы Бақтияр Амиреев , Талас ауданы әкімінің орынбасары Талас ауданының бас имамы Н.Алиев ауыл имамдарымен кездесті.
Шарада дін мамандары «Бейбітшілік пен келісім», «Мешітте неке қию», «Жат ағымдармен жұмыс атқару» жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізсе, дін істер басқармасы заң тұрғысынан түсіндірді. Кездесу соңында ауыл имамдарының сауалдарына жауап берілді.
Аудандық «Қаратау қажы би» мешіт баспасөз қызметі