ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі секторы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне 95 қап пияз, 2 қап сәбіз жеткізді.
""Садақаның бір қайырлысы - білім жолындағыларға жасалғаны" дегендей оқу орнына жасалған бұл жәрдем үлкен көмек болады деп сенеміз" - дейді сектор өкілі Нұрсұлтан Маметбай.
Осы тұрғыда Алла тағала «Сәбә» сүресінің 39-аятында: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп насихат еткенін айта кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі