Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде әлеуметтік желілерді қолдануға байланысты семинар өтті. Аталған мешіттің наиб имамы Әбжаппар Әмір жүргізген жиынға өңірге қарасты аудандардың наиб имамдары қатысты.
Шарада қазіргі ақпарат заманында әлеуметтік желіні пайдалана отырып, халыққа насихат жұмыстарын жүргізу, дінге қызмет жасауда жұртшылық көп қолданатын желілерде белседі болудың маңызы түсіндірілді. Әсіресе, пандемия уақытында осы ғаламтор арқылы жұмыс жасаудың, әрбір имамның әлеуметтік желіні пайдалана алу керектігі түсіндірілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты әрбір облыста 20-дан астам электронды парақшалары бар. Осы барлық парақшаға жазылып, онда жарияланған жаңалық, мақала, қандайда бір материалдармен бөлісу, тарату керектігі тілге тиек болды.
Әбжаппар Әмір аталған парақшаларға қалай тіркелуге болатынығын айтып, мамандарға сілтемелер жазылған электоронды тізімді табыстады.
Сонымен қатар, имамдарға өз жеке парақшалары арқылы насихат жүргізіп, діни сауаттылықты арттыруда осы әлеуметтік желіде белсенділік таныту міндеттелді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі