Аудандық қорғаныс істері бөлімінде «Дін және Отан» атты тақырыпта кездесу өтті.
Шарада Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Р.Абделиев, Жуалы ауданы бас имамы Н.Әмірбаев және Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Оспанов баяндама жасады.
Исламдағы "Отан" ұғымы, оны қорғау, аят пен хадистердегі отан туралы ғибрат тілге тиек болды. Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі