Әлемдегі ең тәтті нәрсе - бала үні, жүгіріп ойнағаны, аман-сау, жадырап жүргені. Алайда кішкентай Мәриямға ол түгіл өз өкпесімен тыныстау қиын. Өйткені сәби жұлын бұлшықетінің атрофиясымен ауырады. Жұлын, аяқ-қол, өкпе бұлшықеттері жұмыс жасамай қалғандықтан ол қосымша тыныс алу аппаратына таңылған.
Шекесі торсықтай ботақанның еміне жақындары көмек сұраған болатын. 2 күн ішінде "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлының бастамасымен, мешіт жанашырларының атсалысуымен 1,5 миллион қаражат жиналды.
Бүгін бөбегіне Алладан шипа сұрап отырған отбасыға қаражат табысталып, Алладан жамағат болып шипа тіледі. Мешіт барша көмек көрсеткен мейірімді жандарға шын жүректен алғысын айтады. Алла жер бетіндегі сәбилерге денсаулық берсін.
Ақерке Бекқұлова
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі
Мариямға арналған әлеуметтік көмей жайлы бейнежазбаларды төменнен көре аласыз.