Бұның бәрі қоғамдық ахуалды, яһудилер мен христиандардың діни қызметкерлерінің пайғамбарлық басталар қарсаңындағы ақыл-ой деңгейін түсінуді жеңілдетеді. Яһудилер Мәдине арабтарына келешек елші туралы хабарлаған. ꞌАсым ибн ꞌАмр ибн Катад өз халқы адамдарының сөздерінен жеткізген: «Бізді Исламға әкелген, Алла Тағаланың мейірімі»,- дегенді біз яһуди дін қызметкерлерінен естідік. Біз пұтқа табынатын пұтқа табынушылар едік, ал Кітап иелері бізде болмаған білімге ие болған. Бізбен олардың арасында үнемі қақтығыстар болып тұратын. Біз оларға зиян келтіргенде, олар бізге былай айтатын: «Пайғамбардың келер уақыты жетті. Ол бізбен бірге сендерді өлтіретін болады, ꞌАд және Ирм ежелгі халықтарының жойылғаны сияқты». Біз олардан мұндайды жиі еститінбіз. Алла Өзінің Елшісі Мұхаммедті (ﷺ) жібергенде біз оның Аллаға шақырған үндеуін қабылдадық. Олардың бізді қорқытқандарының іске асқанын біз бірден түсіндік те олардың алдын-алуға асығып, оған сенім арттық. Ал олар сенбеді. Олар бізге ꞌАд және Ирм ежелгі халықтарының жойылғаны сияқты бізді онымен бірге өлтіреміз деп айтатын, өйткені олардың кітаптарында Пайғамбар (ﷺ) пұтқа табынушыларды күшпен жояды делінген. Бірақ олар (яһудилер) жүректерін қызғаныш пен әділетсіздік мөрлеп тастайды деп күдіктенбеп еді, сөйтіп олар ақиқат діннен бас тартады, осылайша бұл дүниеде және мәңгілік дүниеде азапқа душар болады»[1].
Араб христианы Умайя ибн Аби ас-Сальт жиі қайталайтын[2]: «Расында, мен біздің жерімізде пайда болатын пайғамбардың қасиеттерінің сипатталуын кітаптардан табатынмын». Салман әл-Фариси (р.а.) христиан дін қызметкерінің үйінде тұрғанда ол оған былай дегенін айтқан: «Салман, Алла Өз Елшісін жібереді, оның есімі Ахмед, ол Тихама[3] тауларының арасында пайда болады. Оның айқын белгілері болады: ол сыйға тартылғанды жеп, садақаға берілгенді жемейтін болады».
Осы әңгіме Салманның Исламды қабылдауына себеп болды. Алла Елшісі (ﷺ) әр елдің билеушілеріне хаттар жіберген болатын, тек Хосров[4] қана оның жолдауын қорлаған, себебі ол кітап иелерінің біліміне ие емес еді. Христиан билеушілері – Эфиоп патшасы Негус, Мысыр билеушісі Мукаукас, Византия императоры Цезарь (Ираклий) – бәрі де Алла Елшісінің (ﷺ) уәкілдерін құрметпен қабылдаған. Негус сияқты кейбіреулері тіпті оған сенім білдірген. Басқалары, Цезарь тәрізділер, жайлап бас тартқан, алайда, мүмкін, олар да сенер ме еді, егер өкіметтің қысымы болмағанда. Үшіншілері, Мукаукас сияқтылар, сыйлықтар жіберген. Пайғамбарымызда + сол кезде бұл патшаларды қорқытатындай күш болмаған. Расында, олар әл-Масихтың (Христостың) өзінен кейін пайғамбардың келетіні туралы айтқанын әрі оның сипаттаған қасиеттері біздің Пайғамбарымызға (ﷺ) сәйкес екенін білген. Ал Пайғамбарымыздың (ﷺ) келерінің алдында халық арасындағы дақпырт сөздер мен сәуегейлердің болжамдары қисапсыз көп болған…
Барлық айтылғандар жеткілікті, онан әрі жалғастырмай-ақ қоюға болады. Пайғамбарымызға (ﷺ) Алла Тағаланың оған берген мұғжизалары мен ол жөнінде бізге жеткен барлық мәліметтері, оның дәлелдерін нығайтуға әрі оның үндеуінің ақиқаттығын растауға жеткілікті. Бұл жөнінде біз әлі толықтап айтамыз, ин ша Алла.
[1] Ибн Хишам келтірген.
[2] Ибн Исхак жеткізген.
[3] Араб түбегінің батысы мен оңтүстік-батысындағы жер. Ол жерде Мекке орналасқан.
[4] Иран билеушісі. Ол зороастриц болған.
asyldin.kz