Осы біз қандай заманда өмір сүріп отырмыз? Білгіңіз келсе айтайын:
- Біз қайтыс болған адамнан, оның жерлеуінің, ас беруінің қаншалықты асып-тасып өткені, одан ары зиратының қандай мәрмәр тастан, қандай күмбез салғаны маңызды болған заманда өмір сүріп отырмыз.
- Біз сүйіспеншілік, махаббаттан, сән-салтанаты жарасқан, мыңнан аса халық жилып, елге танымал «жұлдыздар» келіп өнер көрсетер, одан қалса көршісі қарызға белшесінен батып отырғанда, ақшаны көл-көсір етіп шашып, ысырапшылдыққа белшеден батар үйлену тойы маңызды болған заманда өмір сүріп отырмыз.
- Біз жүрегінде иманы бар, аузында Алласы бар, парасатты, алайда қарапайым ғана киінген жаннан гөрі астында шіреніп мінген темір тұлпары бар, соңғы сәнмен киінген кіл «брендовый» киімі бар, тіпті қолына таққан сағатының құнына неше мұқтаж жанға пәтер алып беруге болатын жағдайы бар, жан баласын менсінбейтін, шырт-шырт түкіріп, кішіні сыйламақ тұрмақ, үлкенге құрмет көрсетпейтін «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін». – дегендей атқамінер, бай-ауқаттының баласы маңызды болған заманда өмір сүріп отырмыз.
- Ақыл-ой, парасаттан – ақша маңызды заманда, білім-ілімнен – таныс-тамыр маңызды болған заманда өмір сүріп отырмыз...
Ақерке Сыдықова
asyldin.kz