Осы өмірде ара шақпаған адам баласы жоқ шығар деп ойлаймын. Кішкене күнімізде қолымызды, ернімізді, бетімізді ара шағып алса, шырылдап жылап, жалма-жан суық сумен жуынатынымыз әлі күнге есімде. Беті-басымыз ісіп, бір–екі күн көзіміз сығырайып жүруші едік. Ара шаққан біздің күніміз осындай болса, ал бізді шаққан әлгі араның күні не болды екен деп ойланып жатқан бір жан жоқ. Негізі, адам баласын шаққан араның бірден жан тәсілім ететінін сіз білдіңіз бе?
Кішкене күнімде мен білмедім, өзге де балалар білмеді. Иә, дәл солай, бізді шаққан ара бірден өліп қалады екен. Мұнда да Алла Тағаланың ұлы даналығы бар. Егер адамды шаққан ара өлмегенде, онда науқас адамның қаны күллі омартаны әрі балды уландырып, құртар еді. Ал бал – у болуы мүмкін емес, өйткені балда шипа бар. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: “Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!”, – деп нұсқады. Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!”. Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар» (16:68-69).
Ал хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Бал – күллі тән сырқатына ем болса, Құран – күллі ақыл-ой дертіне шипа. Сол себепті толыққанды жазылу үшін Құранды да, балды да қолдануға кеңес беремін». Жаратушы Жалғыз Алла жаратылыстың бәрін асқан шеберлікпен әрі мінсіз кейіптегі үйлесімділікпен жаратқан. Алла Ұлық!
Ақерке Сыдықова
asyldin.kz