Жетімдердің қамын ойлауға асығыңыздар!

Жетімдердің қамын ойлауға асығыңыздар!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пендесін Алла Тағалаға бір қадам болсын жақындататын ұлы амалдардың бірі – жетімдерге қамқорлық көрсету әрі оларға деген жақсы қарым-қатынас. «Жақсы қарым-қатынас» сөзінің астарында жетімдерге берілетін тек садақа мен оларға қажетті киім-кешектерді сатып алу жатқан жоқ, бірақ, сөзсіз, бұл да жақсы-қарым қатынастың бір бөлігі болып табылады. Жүрегіңнің жұмсаруын қаласаң, онда жетімнің басынан сипап, оны тамақтандыр. Бір риуаятта былай келтірілген: «Кімде-кім Алла үшін жетімнің басынан сипаса, әлгі адамға оның қолы тиген әрбір шаш үшін сауап жазылады». Ешқашан жетімдерді ренжітпеңіздер, керісінше, оларды бақытты етуге тырысыңыздар, өйткені жетімдерге қамқорлық таныту арқылы біз Алла Тағалаға жақындай түсеміз. Қазіргі қоғамда не көп? Жалғызбасты аналар көп. Кәмелет жасқа толмаған балалары бар сол жалғызбасты аналар да біздің қамқорлығымызға зәру. Оларға азық-түлік, қажетті дүниелерін алып беру арқылы біз жандары жабырқау балаларға қуаныш сезімін сыйлаймыз әрі осы жақсы амалымыз үшін сауап аламыз. Ешқашан ойын-сауық орталықтарында болып көрмеген балалар бар екенін білесіз бе? Бәлкім олар осындай балаларға арналған жайлардың барынан бейхабар да шығар. Қасиетті Рамазан айында Алла Тағала мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеу арқылы бізге сый алудың үлкен мүмкіндігін берген. Жаны жаралы, қам көңіл балаларға қамқорлық таныту арқылы біз Алланың разылығына қолжеткіземіз. Осынау кіші-гірім амал үшін Алла Тағала сіз бен бізге Жұмақты нәсіп етуі әбден мүмкін. Алла Елшісі (ﷺ) ортаңғы және сұқ саусағын біріктіріп, былай айтқан: «Егер кімде-кім жетімге жақсылық жасаған болса, Жұмақта мен әлгі адаммен мына екі саусақ сияқты боламыз». Жұмақта біздің сүйікті Пайғамбарымызбен (ﷺ) бірге болуды елестетудің өзі қандай бақыт десеңізші! Қасиетті Құранда Алла Тағала жүрегі жұмсақ жандар туралы былай айтқан: «Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді» (76:8).

Біз мұны не үшін жасаймыз? Неге қол жеткізгіміз келеді? Неге ұмтыламыз? «Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз» (76:9).

Жетімдерді бауырларына басып, өз балаларынан артық көрмесе кем көрмей асырап алатын отбасылар да бар. Осындай отбасыларға қатысты ғалымдар мәртебелі Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына бір сөзін келтіреді: «Жетім баспана тапқан отбасына - бақыт, жетім баспана тапқан отбасына – қасірет», яғни жетімнің ақысын жемейтін отбасына – бақыт, ал жетімнің ақысын жейтін отбасына – қасірет. Қалай ойлайсыз, жетім балаға көп нәрсе қажет пе? Жоқ, тіпті бір кішкене ілтипаттың өзі оған бақыт сыйлайды. Ендеше, жетімдерге қамқор болу арқылы, Алланың қалауымен, біз Жұмаққа кіру мүмкіндігіне қол жеткізе алады екенбіз. Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Кедергінің не екенін қайдан білесің? Ол; құл азат ету, Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру; Жақындағы болған бір жетімді. Немесе шаң топырақтағы сорлыны» (90:12-16).

Міне, осы себепті жетімдерге қамқор болуға асығайық! Алла Тағала бақыттылардың қатарында болып, Жұмақ мекендеушілерінен болуға нәсіп етсін! Әмин!

 Ақерке Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: