Алланың қалауымен, Ғиса пайғамбар (ғ.с.) әкесіз дүниеге келгенде яһудилер: «Ендеше, ол зинадан туылған», - десе, христиандар: «Ендеше, оның әкесі – Құдай», - деген болатын. Ал Алла Тағала Қасиетті Құран-Кәрімде Ғисаның (ғ.с.) өмірге келуі жөнінде былай айтты: «Шын мәнінде Алла қасында Ғисаның (ғ.с.) жағдайы: Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «Бол!» дегенде бола қалған Адамның (ғ.с.) жағдайы сияқты» (3:59).
Сондай-ақ, Алла Тағала былай да айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) олардың діндеріне ермейінше, Яһуди де Христиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: «Әрине Алланың жолы сол тура» де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас» (2:120).
asyldin.kz