20 бөлім. Дәжжал: Оның Құранда ескертілуі

20 бөлім. Дәжжал: Оның Құранда ескертілуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәжжал Құранда атымен аталмаған, ғалымдар оның себептерін түсіндіруге тырысып көрген. Құранда Яжуж бен Мажуж келтірілген, бұл да сондай бүлік әрі Қиямет күнінің белгісі ғой. Алайда ғалымдар бірқатар аяттарда Дәжжал ескертілгенін көрген, біз солардың кейбіреуін келтіреміз:

Алла Тағала былай деген: «Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді» (6:158).

Осы белгілердің арасында – Дәжжалдың келуі мен күннің батыстан шығуы – аталмыш аяттың түсіндірмесінде келтіріглген.

Алла Тағала былай айтқан:

«Әлбетте көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор» (40:57).

Әбу-әл-Әлия айтқандай: «Яһудилер табынатын Дәжжалдың жаратылуынан да зор» (1).

Осы риуаяттан кейін Ибн Хаджар былай жазған: Егер бұл сенімді риуаят болса, онда бұл «Неге Дәжжал Құранда ашық ескерілмеген?» деген сұраққа ең жақсы жауап және бұл Алла Елшісі (ﷺ) толық түсіндіріп берген дүниелерге жатады (2).

Дәжжалдың неге Құранда ескерілмегені туралы сұрақтың түсіндірмесінің тағы бір нұсқасы мынадай: Ғиса (ғ.с.) оны өлтіруге келеді және бұл Құранда көрсетілген, жалпы алғанда, осының өзі жеткілікті.

Кейбіреулер ол Құранда ескерілер болса тақуалыққа ұмтылар еді, ал ескерілмегені оны жек көрушілік пен жазғырудан туындаған деп айтқан. Бірақ бұл әлсіз түсіндірме, өйткені Перғауын да өзін Құдаймын деген, бірақ Құранда көп рет ескерілген.

Бұл Құран мен Сүннеттің біртұтас уахи екендігінің әрі Құранды Сүннетсіз және Пайғамбарымыздың (ﷺ) түсіндірмелерінсіз түсінудің мүмкін еместігінің тағы бір дәлелі.

 (1) Әл-Куртубидің «Тәпсірі», 15/325

(2) Фатх әл-Бари, 13/92

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: