Асыл дінімізде мүбәрак саналған үш айға келіп жеттік. Олар «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» айлары. Алла Тағала жыл он екі ай ішінде қасиетке толы айлар ,күндер мен түндерді айқындап көрсетіп берді. Сондықтан бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті болғандай, осы айлардың сауабынан құр қалмай шамамамыз келгенше құлшылық-ғибадатымызды көп орындауымыз қажет. Адам баласы пенде , яғни қателесуші. Сондықтан үлкен-кіші күнә –қателіктерімізді кетіру үшін Аллаға көп тәубе ,ораза ,намаз ,зекет, садақа ,қайырымдылық амалдарын жасауамыз керек.
Ережеп айының сауабы
Мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың төртеуі қасиетті айлар болса, соның бірі – ережеп айы. Бұл жөнінде Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында былай дейді:
إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِندَ اللّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَات وَالأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ ذَلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ فَلاَ تَظْلِمُواْ فِيهِنَّ أَنفُسَكُمْ وَقَاتِلُواْ الْمُشْرِكِينَ كَآفَّةً كَمَا يُقَاتِلُونَكُمْ كَآفَّةً وَاعْلَمُواْ أَنَّ اللّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
«Тегінде аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (зулқағда, зүлхиджа, мухаррам, ережеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар».
Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Ережеп айы харам айы болғандын бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерден барынша алыс болуымыз қажет.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ережеп айы келген уақытта:
اَللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي رَجَبٍ وَشَعْبَانَ وَبَلِّغْنَا رَمَضَان
«Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді рамазанға аман-есен қауыштыра гөр!»,[1] - деп дұға тілейтін.
Келесі хадистерде Ережеп айы турасында Алла Елшісі (ﷺ): «Ережеп – Алланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала үшін сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда пайғамбарлардың тәубелері қабыл болып, әулиелер дұшпандарынан қорғалған. Бір кісі ережеп айын оразамен өткізсе, Жаратушының мынадай үш жақсылығына ие болады:
1.Өткен күнәларын кешіреді;
2.Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;
3.Қиямет күні Алла Тағала оның шөлін қандырады», - десе, тағы бір хадисте: «Кімде-кім ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе, қиямет күні Алла Тағала оған «Фирдаус» жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар, бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар», - деген мағынада айдың қадірін білдіретін хабарлар жеткен.
Шағбан айының маңыздылығы
Шағбан айы Ережеп айынан кейін келетін шарапаты мол Пайғамбарымыздың айы.Өйткені Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Ережеп Алланың айы, Шағбан менің айым ,Рамазан үмбетімнің айы»,- деген. Сондықтан Рамазан айынан кейін ең көп күн ораза ұстаған айы Шағбан айы. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) не үшін Шағбан айында көп ораза тұтқандығы сұралғанда: «Шағбан –амалдар Алла Тағалаға ұсынылатын ай. Мен де амалдарымның оараза тұтқан кезімде ұсынылғаның қалаймын. Шағбан- адамдардың басым көпшілігінің рамазан мен ережеп айларының ортасында мән бермей кететін ай. Мен ол айды босқа өтізгім келмейді»,- деп жауап берген.
Келесі хадистерде Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Әнас (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Аллаһ Елшісінен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Рамазаннан кейін қандай ораза маңызды?»,-деп сұралғанда, ол: «Рамазанға құрмет ретінде Шағбан айы», «Қай садақа абзал?»,- дегенде, «Рамазан айында берілген садақа»,- деп жауап берді».
Шағбан айының 15-түні Бәрағат кеші. Бұл түні жер бетіне періштелер түседі, дұғалар қабыл болатын мүбәрак кеші.
Хадисте: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңде. Күндіз ауыз бекітіңдер. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма , шипасын берейін» деп таң шапағы атқанға дейін рахымын төгеді».
Тағы бір хадисте: «Алла Тағала шағбан айының он бесінші түні(Бәрағат түні)жер бетіне мейірім жаудырып,Өзіне серік қосқандармен мен ата-анасына қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді»,-деген.
Қасиетті Рамазан айының ұлылығы
Айлардың сұлтаны болған Рамазан айының сауабы шексіз.Рамазан айы жылына бір келетін тендесі жоқ сауабы мол ай. Сондықтан бұл айдың саубын жіберіп аламай оразамен құлшылықпен өткізу маңызды.Рамазан айы Алла Тағаланың ораза ұстаған адамның күнәларын кешіретін айы. Рамазан айы- құран түскен ай. Рамазан айын құран хатым жасап, құранды басқа айларға қарағанда көп оқуымыз керек.Құран мен хадистерде Рамазан айының қасиеттілігі мен сауабы жайында былай сүйіншілейді.
Құранда былай делінеді:
شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِي أُنْزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ
«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» («Бақара» сүресі,185-аят). Рамазан сонымен қатар, жәннат есіктері ашылатын, тозақтың қақпалары жабылатын ұлық ай. Алла Елшісі (ﷺ) айтады:
إِذا جَاءَ رَمَضَانُ فُتِّحَتْ أَبْوَابُ الجنَّةِ وغُلِّقَتْ أَبْوَابُ النَّارِ وصُفِّدَتِ الشياطِينُ
«Рамазан айы келгенде, жәннаттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпалары жабылады, шайтандар кісенделеді»[2]. Ал қасиетті аятта:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Әрине сақтанарсыңдар»(«Бақара» сүресі, 183-аят) дейді.
عَنْ أَب۪ي هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ قَالَ: «مَنْ صَامَ رَمَضَانَ إيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ
Әбу Һұрайраның (Оған Алланың сәлемі болсын.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары кешіріледі
Мұсылман оразаны Алланың разылығы үшін ұстайды. Нәтижесінде Алла ондай құлының сыйын өзі нәсіп етеді. Хадис құдсиде Алла Тағала былай дейді:
كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ لَهُ إِلاَّ الصِّيامَ فَإِنَّهُ لي وأَنَا أَجْزِي بِهِ
«Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін»
Пайғамбарымыз (ﷺ) тағы бір хадисінде:
للصَّائمِ فَرْحَتَانِ يفْرحُهُما إِذا أَفْطرَ فَرِحَ بفِطْرِهِ وإذَا لَقي ربَّهُ فرِح بِصَوْمِهِ
«Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанына қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағанына қуанады» ,-деген.
Осы қасиетті айларды, күндерді, түндерді қалай өткізгеніміз абзал?
1.Намазды мешітте жамағатпен оқу.
2.Құранды көп оқу.
3.Жасаған қате-күнәларымыз шын ықылыспен тәубе ету, Алла Тағаладан кешірім тілеу.
4.Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат, дұға айту.
5.Жағдайы төмен, мұқтаж адамдарға қарайласу, қайырымдылық жасау,хал жағдайларын білу.
6.Жалпы мұсылмандарға, туған –туыстырымызға,ата-анамызға ,көршілерімізге, достарымызға Алладан жақсылықтарды тілеу.
7.Дүниеден өткен марқұмдардың аруағына құран бағыштау ,Аллаһ Тағаладан кешірім сұрау.
8.Ренжіскен бауырларымнан кешірім сұрап, татуласып, жалпы кешірімді болу.
9.Үлкендеріміз жастарды дәстурлі исламды, қазақ халқының салт-дәстүрін үйретіп, дұрыс тәрбие беру.