Жасыл жамылғы

Жасыл жамылғы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Көптен бері кездеспеген танысымды жолықтырып қалған кезде мешіттен бесін намазының азаны айтылып жатқан еді. 

- Жүр, мешітке барайық. Бүгін жұма ғой, - деп оған ой тастадым. Ол болса әдеттегі сылтауына басып: - Мен мешітке бармаймын, білесің ғой, - деп қыбыжықтап қалды.

- Білем, бірақ не себепті мешітке барғың келмейтініңді түсіне алмай-ақ қойдым, - дедім мен.  

- Білмеймін. Мүмкін араласатын ортам сондай болғаннан шығар. Мешітке барып, намаз оқып, шалбарымның қырын кетіріп аламын  ба деп те қорқамын, - деп ол жан сырын ашық айтып салды. Оның бұл сөзі менің күлкімді келтірді, алайда сабырлы кейіп танытып: Қалжыңың ба? Шалбарыңның қыры кетеді екен деп мешітке бармау керек пе?, - дедім.

- Рас айтам. Білесің бе? Мен әдемі киім кигенді ұнатамын, әсіресе жасыл түсті киімдерді қатты жақсы көремін. Абайлап қарасам, менің әлгі танысым үстіне әдемі жасыл костюм-шалбар киіп алған, өзіне құйып қойғандай жарасып тұр екен.

– Апырай, сонда сен өміріңде бірде бір рет мешітте болып көрген жоқсың ба? 

- Бала кезімде атаммен барғанмын. Алайда ендігәрі мешітке бару ойымда жоқ.  

Танысымның мұндай жауабынан кейін бұл әңгімені қозғағаным үшін қатты қынжылып қалдым да қол алысып, қоштасып екеуміз екі жаққа кетіп қалдық. Осы кездесуден кейін екі ай зымырап  өте шықты. Бірде оның мешітте екенін ести сала, мешітке қарай бет алдым. Ол өзі жақсы көретін жасыл түсті киімде, саптың ең алдынан орын алыпты. Мен оның жанына жақындап: - Сен енді мешітке келмеймін демеп пе едің? – деп ақырын ғана сұрадым. Алайда ол тіл қатпады, өйткені ол жасыл жамылғы жабылған табыт ішінде жатыр еді...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: