Нәпсінің тілін алма

Нәпсінің тілін алма

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір соғыста хазіреті Әли (р.а.) бір дұшпан жауынгерін астына басып алып өлтірейін деп жатыр еді, өлім аузындағы әлгі адам амалсыздан хазіреті Әлидің (р.а.) бетіне түкіріп жібереді. Хазіреті Әли (р.а.) үшін кәпірдің басын жұлып алу, түкке де тұрмайтын еді. Бірақ ол: «Нәпсінің тілін алып ашуланып қаламын ба?!» - деп ойлады да дереу тоқтай қалып, қолындағы қылышын жерге қойып, дұшпанын өлтіруден бас тартты.

Хазіреті Әлидің (р.а.) қолында кұрбан болуды күтіп жатқан адам, бұл жағдайға қатты таң қалады. Себебі, ол істеген жаман ісі үшін хазіреті Әлидің (р.а.) колынан аман құтылатынын ойынан мүлде шығарған болатын. Бірақ ол ойлағанындай болмады. Ол сол жерде ақиқаттың куәсі болды. Дұшпан хазіреті Әлидің (р.а.) ісіне таңырқап, амалы таусылғаннан кейін былай деп сұрады:

- Ей, Әли! Мені не үшін өлтірмедің? Бірден өзгеріп сала бердің ғой.

Сонда хазіреті Әли былай деп жауап береді: - Мен хазіреті Пайғамбар (ﷺ) сыйлаған қылышты Алла жолында қолданамын. Кәпір мен мұнафиқтардың басын, Оның ризалығы үшін ғана шабамын. Бұған ешқашан өз нәпсімді араластырмаймын. Себебі мен Алланың арыстаны әрі Оның қылышымын, нәпсімдікі емес. Сен жүзіме түкіріп, мені ашуландырмақшы әрі қорламақшы болдың. Мен сол сәтте ашуыма бой алдырғанымда, мүмінге әсте жараспайтын қылықпен яғни, нәпсіме бағынып, сені өлтіріп тастар едім. Алайда мен өз абыройым үшін емес, Алла үшін соғысып жатқан едім.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: