Бiр заманда Жебiрейiл перiште Алла разылығы үшiн 2 рәкәт намазды 70 жыл бойы тұрып оқиды. 70 жыл аз уақыт емес, ал оның мәңгiлiк әлемiндегi уақыт екенiн ескерсек бiздiңше ондаған мыңжылдықтар шықпай ма? Оқып болып: «Алла риза болды ма екен?» - деп сұрапты. Сонда Алла Тағала:
- Сен әрине ғибадат етесiң. Өйткенi Менi де, Тозақ пен Жәннатты да көрiп жүрсiң. Бiр замандарда адамдар жаратамын. Олар не менi, не Тозақты, не Жәннатты көрмей-ақ иман келтiредi, намаз оқиды. Олар өмiр сүрiп жатқан уақыт көз iлеспес шапшаңдықпен жылжитын болады. Талай қиыншылықтармен алыса жүрiп, асыға жүрiп оқыған солардың намаздары сенiкiне қарағанда әлденеше есе сауапты болмақ, - дептi.
asyldin.kz