Мысырдың өзіне тән жергілікті бетке ұстар дүниесі бар, ол – аиш баладесі, яғни үйде пісірілген нан, ал оны таситындарды “агалати” деп атайды және де олар нанды адресатқа апару үшін өз өмірлеріне қауіп төндіреді.
Велосипедке отырып алған агалати нан салынған үлкен жайманы бастарына қойып алып, бір қолымен жайманы ұстап, енді бір қолымен велосипедті игеріп, Каирдың шым-шытырығы шыққан көшелерімен жүріп отырады. Өзі тар әрі қалың жүргіншілері бар көшелермен жүруге мәжбүр болады. Бастарына қоятын жайманың ұзындығы 2,5 метр болса, ал салмағы 30 кг-нан 35 кг-ға дейін жетеді.
Агалатидің жұмысы ауыр да аса маңызды. Агалатисіз қаладағы нандар сатылмай қалады. Нан таситын ер адамдар үнемі сақ болуы керек, өйткені құжынаған адам мен қалың көліктердің арасында тепе-теңдік сақтап жүру оңайға соқпасы анық.
Агалати күніне 50-ден 80-ге дейін нан тасиды. Жол ұзақтығына 10 минуттан 30 минутқа дейін уақыт кетеді.
Мысырда «аиш» сөзі «нан» және «өмір» деген мағыналарды білдіреді.
«Аиш баладидің» 80-ге жуық түрі бар.
Regala наубайханасы күніне 1,5 тонна ұнға 24 000 нан пісіреді.
Агалати өз жұмыстары туралы: «Өлім теңізінде жүзумен тең» деп айтады.
asyldin.kz
«Алла көктерде және жерде не болса, соның барлығын өз тарапынан бір нығмет етіп сендерге бағындырды. Әлбетте, мұнда түсінген ел үшін белгілер бар». «Жәсия» сүресі, 13-аят.