Түркияның Анталья қаласына 50 тоннадан артық цитрус өнімдері әкелінген, бір қызығы – жеу үшін емес, апельсин, лимон, манап сияқты жемістерден арнайы шағын қалашық жасау үшін. Мұнаралар, жануарлар, мәшинелер, тіпті кілемнің өзі де көздің жауын алардай шырынды апельсиндерден жасалған!
Анталья – Түркияның оңтүстігінде орналасқан қала, оның нышаны сәуір айында қала көшелерін өзінің жұпар иісімен жауып кететін апельсин болып табылады.
Апельсиндердің гүлдену фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр. Апельсиннен жасалған шағын қалашықтан Адриана қақпасын, сағат орналасқан мұнараны, Йивли мұнарасын және басқа да көрікті орындарды тамашалауға болады.
Апельсиннен жасалған кілемнің көлемі 1071 шаршы метрді құрайды және ол 1071 жылы Манцикертте орын алған тарихи шайқасқа арналып жасалған.
asyldin.kz
Майғамбар (с.ғ.с.) сөзінде: «Білім іздену – әрбір мұсылманға парыз» деген.