БАӘ 1000 жыл бұрын Аббасид халифаты кезеңінде салынған көне мешіттің іргетасы табылды. Археологтер бұл мешітті Эль-Айн қаласындағы шейх Халиф бен Заид Әл-Нахайянның салынып жатқан мешітінің маңынан тапқан. Сондай-ақ, маңынан қираған үш үйінді және ирригациялық каналдар табылған, ғалымдардың пайымдауынша, бұлар да сол кезеңге жатады.
«Эль-Айн археологиялық нысандарындағы қазбалардың жаңа нәтижелері аймақтың бай тарихын дәлелдейді әрі одан әрі зерттеп, талдау жасауды талап етеді. Аббасид кезеңіне қатысы бар мешітінің табылуы - аймақта ислам дінінің терең ықпал еткеніне куә болып табылады», - деп айтқан Мәдениет және туризм департаментінің төрағасы Әбу-Даби Мохамед Халиф Әл-Мубарак журналистерге берген сұхбатында.
asyldin.kz
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Науқастарыңызды ішіп-жеуге қинамаңыздар. Себебі, оларды Аллаһ Тағаланың өзі ішіп-жегізеді», – дейді (Тирмизи, «Тыбб», 4; Ибн Мәжә, «Тыбб», 4).