Сауд Арабиясында тұңғыш рет араб фильмі көрсетіледі

Сауд Арабиясында тұңғыш рет араб фильмі көрсетіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында кинотеатрларды ашуға рұқсат еткеннен кейін, елде тұңғыш рет келесі бейсенбіде араб фильмі көрсетілетін болады.

"Bedle" - «Униформа» фильміндегі басты рөлді мысырлық актёр Тамир Хусни сомдайды.

Актер әлеуметтік желідегі өз аккаунтында мәлімдегендей,  аталмыш фильм тамыз айының соңғы аптасында Мысырда және бірқатар араб елдерінің экранына шыққан, ал қыркүйектің 20-шы жұлдызында Сауд Арабиясында көрсетілетін болады.

Сауд Арабиясы ақпарат және мәдениет министрлігі 2017 жылы мәлімдегендей, елде кинотеатрлар ашуға лицензия берілгендігін және бірінші кинотеатр 2018 жылдың наурыз айында ашылатындығы келтірілген.

Сауд Арабиясы кинотеатрларында тұңғыш рет көрсетілген фильм – американдық «Қара пантера» фильмі. Фильмнің тұсаукесері діни себептерге байланысты фильмдерді көпшілікке көрсетуге салынған тыйым алынған соң 2017 жылы салынған жаңа кинотеатрда өтті. Бірінші кино көрсетілімге 600 адам келген, солардың ішінде - Рима бинт Бандар ханшайым мен мәдениет министрі Аввад Алаввад болған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: