АҚШ-та жұмысынан айырылған 138 мұсылман 1,5 миллион доллар көлеміндегі аса ірі өтемақы алатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, Колорадо штатында орналасқан Cargill Meat Solutions ет өңдейтін кәсіпорыннан жұмыс арасындағы үзіліс кезінде намаз оқығылары келгені үшін жүздеген самоли жұмысшылары жұмыстан шығарылған болатын.
Бұл оқиға 2015 жылы орын алған. Намаз оқуға рұқсат бермеген мұсылмандар жұмыс орындарын тастап кеткендігі үшін «жұмыста болмағандығына» байланысты кейін жұмыстан шығарылып жіберілген.
Дегенмен, сот компания әрекетін заңсыз деп санап, компания жұмысшыларды құқыққа қайшы жұмыстан шығарды әрі діни белгілеріне қатысты кемсітушілік көрсетті деп тапқан.
New York Times ресурсының мәлімдеуінше, мұндай ірі өтемақыға мұсылмандардың қол жеткізуі - бұл оқиғаның қоғамдық кең жаңғырыққа ие болуының және құқық қорғаушылардың арқасында екен.
asyldin.kz