Жуырда Мысыр тұрғындарын суды шамадан тыс ысырап еткендері үшін жазалау басталады деп күтілуде. Ел парламентіне сәйкесінше заңжоба келіп түскен.
Су ресурстары мен суландыру жөніндегі заңға түзетулер енгізіледі деп жоспарлануда. Құжатқа қатысты түсіндірме жазбада келтірілгендей, қолданысқа түсейін деп отырған жаңа шара суды пайдалану мен елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Аталмыш заң жоба Ніл өзенінің бойын заңсыз құрылыс жүргізуден қорғайды. Сонымен қатар, бұл құжатта жауын суларын, жер асты суландырғыш қабатын және елдің теңіз жағалауларын қорғау жөніндегі шаралар да келтірілген.
Ал халықты суды үнемдеп пайдалануға міндеттейді – суды ысырап еткені және су ресурстарына зиян келтіргендері үшін әртүрлі жаза қолданылатын болады, соның ішінде, түрмеге қамау да көзделіп отыр.
asyldin.kz