Өңірде дін саласында 7 жоба жүзеге асырылуда

Өңірде дін саласында 7 жоба жүзеге асырылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында ағымдағы жылы дін саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 22 млн. 276 мың теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасына сай, «Аудандар мен Тараз қаласы көлеміндегі діни ахуалды зерделеу және талдау бағытындағы кешенді іс-шаралардың жұмыс жоспары» әзірленіп, 8 айдың ішінде Тараз қаласы мен барлық аудандарындағы діни ахуалдың жай-күйіне кешенді зерделеу және талдау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар берілді. Атап айтар болсақ:

– Сәуір айында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбындағы облыстық форум өтті.

– Наурыз айында «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен мешіт имамдарының біліктілігін арттыруға арналған облыстық оқыту семинары» өтті.

– Қыркүйек айында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің дінтанулық сауаттарын арттыруға арналған облыстық семинар» өткізу жоспарлануда.

– Қазан айында «Дін мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға арналған өңіраралық семинар» өткізу жоспарлануда.

– Басқарма қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында, Алматы қаласы мен Алматы және Ақтөбе облыстарында болды.

Сондай-ақ, облыс көлеміндегі мешіттерге келуші жамағаттарды зерделеу барысында, күнделікті 5 уақыт намазға келушілердің саны 6 мыңдай, оның ішінде, 1500-і жастар екендігі анықталды. Бұл көрсеткіш облыстағы жастар санының (263157) 0,57%-ын ғана құрайды.

Ал жұма намаздарына келушілердің саны 35000 шамасында болса, оның ішінде, 13500-і жастар болып табылады. Бұл көрсеткіш облыс жастарының 5,13%-ын құрайды.

Сонымен қатар, христиандық бағыттағы шіркеулерге келушілердің жалпы саны 3,5 мың болса, оның 10%-ы жастар болып табылады.

zhambylnews.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: