Қажылықтарын тәмамдаған Ресей мұсылмандары Сауд Арабиясынан елге оралуда.
Бұл жөнінде ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Мүфтилер Кеңесі және Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Рушан Аббясов мәлімдеді.
Р.Аббясовтың айтуынша, биылғы қажылық ресейлік мұсылмандар үшін эксцессіз аяқталған.
«Жылдан-жылға біздің қажыларымыздың қажылық парызын өтеуіне барлық жағдайды жасап отырған Сауд Арабиясы короліне ризалығымызды білдіреміз. Биыл біршама жаңалықтар енгізіліпті – қажылардың қасиетті орындарды зиярат етулері жеңілдетілген, сондай-ақ, Меккеден Медине қаласына жүрдек пойыз шығарылыпты», - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетсек, жалпы алғанда, осы жылы 2,5 миллионнан астам мұсылман қажылық парызын өтеп қайтқан, соның шамамен 90% – шетелдіктер, ал Ресейден барған мұсылмандардың саны - 22,5 мыңнан астам болған.
аsyldin.kz