Мұсылман келіншектің айтуына қарағанда, АҚШ-тың Кеден қызметі және шекаралық бақылау қызметкерлері оның iPhone телефонын тәркілеп, еш түсініктеме берместен 4 ай бойы ұстаған.
Еуропадан АҚШ-қа келген келіншек біршама қиыншылықтарға тап болған. Үстіміздегі жылдың 26-шы ақпанында Цюрихтен 6 жасар қызымен ұшып келген Р.Лазожаны америкалық Кеден қызметі мен шекаралық бақылау қызметкерлері тоқтатып қалады. Кеденшілер оның iPhone 6s Plus кәмпескелеп әрі телефонды бұғаттан шығарып беруін талап еткен. Ресми айып тағылмағандықтан Лазожа телефонын бұғаттан шығарып беруден бас тартады.
Мұсылман келіншектің түсіндіруінше, телефонның жадында тек отбасы мүшелеріне ғана көрсетуге жоспарлаған өзінің хижабсыз түскен суретері болған екен. Телефон мен сим-картасы оның қолына тек 4 айдан соң ғана тиген, осы уақыт аралығында оның телефоны АҚШ-тың Кеден қызметі мен шекаралық бақылауында болған. Реджан Лазожа АҚШ Кеден қызметкерлерінің үстінен сотқа шағым түсіріп, өзінің iPhone телефонының мүмкін болар көшірмесін жоюды талап етеді.
Алайда сот қызметінің өкілдері сот құпиялығына сілтеме жасай отырып, талапты түсіндіруден бас тартқан, бірақ АҚШ-тың Кеден қызметі мен шекаралық бақылаудың берген түсініктемесі бойынша, электронды құрылғыны тәркілеу олардың міндеті болып табылады әрі лаңкестермен күресте көмектеседі екен.
аsyldin.kz