Иранда жер сілкінісінен 310 адам зардап шекті

Иранда жер сілкінісінен 310 адам зардап шекті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жергілікті медициналық қызметкерлердің айтуынша, Иранның солтүстік-батыс аймағында орын алған жер жер сілкінуден 3 адам қаза болып, 310 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Өткен түнде жер асты дүмпуінің магнитудасы 6,1-ге тең келген. Жер сілкіну эпицентрі Керменшах шет аймағында орналасқан Жаванруд елді мекенінің батыс жағынан 31 км жерде әрі 8,3 тереңдікте болған. Сонымен қатар, жер асты дүмпуін Дахук, Сулеймания, Киркук, Дияла және көрші ел Ирак астанасының тұрғындары да сезген. Зілзала Керманшах шет аймағында орналасқан 8 ауылды жарықсыз қалдырды.

Бұған дейін қатты жер сілкіну салдарынан 2 адам көз жұмып, 241 адамның зардап шеккендігі айтылған болатын.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: