Дерті асқынған мысырлық келіншек Сауд Арабиясына келіп, қажылық парызын сәтті өтеп қайтты. Оған мұндай мүмкіндік патша Салманның арқасында тиді.
Айта кетсек, екі бүйрегі істемей қалатын 47 жасар мысырлық келіншек САК Сауд Арабияның ислам істері жөніндегі министрлік жүзеге асыратын «Қажылық қонағы» атты монархтың жобасы аясында шақырту қағазын алған болатын.
Корольдікке келіп жеткен Сабиха Махмуд Мұхаммедке қажетті медициналық жәрдем көрсетіліп, қаны толықтай тазартылып, соның арқасында өміріне қауіп төндірмей қажылығын өтеп шыққан. Сонымен қатар, мұсылман келіншек өз кестесі бойынша қанын тазартып отыру үшін Мысырдың қорғаныс министрлігінің келіншектері сауд жағымен бірлесіп медициналық сүйемелдеуді үйлестіріп отырған.
Атап өтсек, биыл Салман патша өз есебінен Мысырдың қаза болған әскери қызметкерлері мен полиция отбасыларының мүшелеріне 1000 шақырту қағазын жіберіпті.
asyldin.kz