Аустралияда құрбан айт кезінде мешітті өртеп жіберген

Аустралияда құрбан айт кезінде мешітті өртеп жіберген

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аустралияның солтүстігінде орналасқан Перт қаласында мұсылмандар құрбан айт мерекесін тойлап жатқанда, мешіт қаскүнемдер шабуылына ұшырады. Түннің бір уағында Миррабук мешітіне жедел жәрдем ету қызметі шақырылған. Отқа оранған мешітке келіп жеткен өрт сөндірушілер қолма-қол өртті сөндіреді.

Сондай-ақ, ғибадатхананың екінші қабатына өрт пен өртті сөндіруге шашқан судан қатты зақым келген. Мұсылмандардың қасиетті құрбан айт мерекесі тойланып жатқанда мешітке жасалған шабуылдың себебі әзірге белгісіз. Аталмыш мешіттің имамы Әмір Әлидің айтуына қарағанда, өзінің қызмет еткен 30 жыл уақытында  ешқашан агрессия мен келеңсіздік  орын алмаған екен және халық ғибадатханаға әрі оның жамағатына жақсы көзқараста болған екен.

«Біз бұл жерде жыл сайын құрбандық шаламыз, ал қауымдастық үнемі бізге көмектесіп тұратын, міне, осылай 30 жыл өмір сүріп келгенбіз. Осы мешітке әр жұма сайын шамамен 2 мың адам құлшылық етуге келеді, осыған дейін ешбір қақтығыс болып көрген емес. Өрт орнынан полиция аэрозольдің 6 құтысын тапты. Ғибадатханаға келтірілген зиян 250 мың долларға бағалануда», - деп атап өтті Әмір Әли.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: