Сауд Арабиясында қажылықта жүрген 39 мысырлық қайтыс болды

Сауд Арабиясында қажылықта жүрген 39 мысырлық қайтыс болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, биылғы жылы Мысырдан келген қажылардың 39 бақилық болған. Қажылық парызын өтеп жүрген 2 миллиондай мұсылманның шамамен 80 мыңы мысырлықтар екені белгілі болған.

Аталмыш ведомство өкілі Хеледа Мехеданың айтуына қарағанда, Мысырдың Александрия және Асуан қалаларынан келіп, Меккеде қажылық парызын өтеп жүрген 63 пен 81 жастағы 2 ер адам гипотониядан (қан қысымының төмен болуынан) қайтыс болған. Шенеуніктің айуынша, Мысыр үкіметі өздерінің қайтыс болған азаматтарының қайтыс болғаны туралы куәліктерін алу жөнінде Сауд Арабияның ресми тұлғаларымен хабарласуда.  

Айта кету керек, осы жылы тамыздың 19-24 аралығындағы қажылық кезінде қалжыраудан, ыстықтан әлсіреуден және басқа да себептерден адамдардың, әсіресе, қарт адамдардың қайтыс болуы дағдылы құбылыс.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: