Индонезия Мьянмада мұсылмандарға арнап аурухана салып береді

Индонезия Мьянмада мұсылмандарға арнап аурухана салып береді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезияның ІІМ басшысы Ретно Марсудидің мәлімдеуінше, индонезия үкіметі жергілікті Ракхайн штатында Мьянма азаматтарын аурухана салуға жұмылдыруда. «Индонезия Ракхайн штатында аурухана салып жатыр. Ұлттардың басын біріктіру мақсатында Ракхайн штатында Индонезия түрлі ұлт өкілдерін аурухана құрылысына жұмылдыруда», — деп атап өтті саясаткер.

Индонезиялық дипломаттың айтуына қарағанда, Ракхайндағы клиника құрылысы үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқталуы керек. Ретно Марсуди Мьянмада медициналық мекемені бірігіп салу бауырлық сезімді нығайтады деп үміттенеді.

Бір сөзбен айтқанда, Индонезия Мьянма үкіметіне рохинья босқындарының мәселесін шешіп беруге дайын екендігін білдіруде. Айта кету керек, Индонезия Бангладеш пен Мьянма үкіметтерінің жағдайын реттеуге ұмтылған әлемдегі бірінші ел болып отыр. Өз кезегінде, Индонезия үкіметі рохинья мұсылмандарының мәселесін шешу барысында түрлі халықаралық мекемелермен, ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ, Қызыл Кірес халықаралық комитетімен, Көші-қон бойынша халықаралық ұйыммен де өзара әрекет жасауда. Сонымен қатар, Индонезия үкіметі діни көшбасшылармен дінаралық форум өткізіп, Ракхайн штатына гуманитарлық көмек жіберген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: