Қажылықта апалы-інілі бауырлар бір-бірімен қауышты

Қажылықта апалы-інілі бауырлар бір-бірімен қауышты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы билігінің арқасында осыдан 14 жыл бұрын бір-бірінен айырылып қалған палестиналық Мұса мен Латифа бір-бірімен қауышты.

Сауд королі Салманның жарлығы бойынша жүзеге асатын жоба аясында әлемнің әр қиырында тұратын мұсылман бауырларымыз қажылық парызын өтеуге шақырту қағазын алады. Осылайша САК монархы есебінен мұсылмандарға қажылыққа барып қайтуға мүмкіндік туады. Осындай шақырту қағазын палестиналық бір туған апайы мен бауыры да алған екен.

Негізінде, Латифа осыдан 30 жыл бұрын Палестинадан Ливанға отбасымен бірге көшіп кеткенде бауыры 2-ақ жаста болыпты. Алайда Латифа Мысырға көшіп кетеді де, ал бауыры Ливанда қалып қояды. Осы уақыт арасында апайы бауырын 14 жыл бұрын бір-ақ рет көрген. Бір-бірін көп жыл көрмеген бауыры мен апайы құшақтасып, көрісті, - деп мәлімдеген Ислам Ньюс ресурсы.

«Бауырымның шашы ағарып кетіпті, ол өзінің 32 жасынан үлкен көрінеді», – деген екен Латифа көзінен аққан қуаныш  жасын сүрте тұрып.

Айта кетсек, осыдан бұрын Меккеге қажылық парызын өтеуге Сириядан келген ағасы мен інісі де бір-бірін осылай тапқан болатын.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: