Су апатынан жапа шегушілер Үндістандағы мешітте бас сауғалауда

Су апатынан жапа шегушілер Үндістандағы мешітте бас сауғалауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанның Керала штатында соңғы 90 жылда болмаған күшті су апаты орын алды. 8-тамыздан басталған бұл апаттан 370 адам мерт болды. Малаппурам округіндегі мешіт орын алып отырған апатқа жауап ретінде, барлық мұқтаж жандарға  өзінің есігін айқара ашты.

Чалияр ауылындағы Жұма мешіті босқындардың әлеуметтік орталығы мен лагеріне айналды. Аталмыш ғибдатханада ондаған отбасы, соның ішінде, индуистер де бар өздеріне баспана тапқан. Мешітте басым көпшілігі әйелдер, балалар мен қарт адамдар болып келген 17 индуистік отбасы түнеп жүр. Мұсылман қауымы оларды ас-сумен қамтамасыз етіп отырған, сондай-ақ, су қайтқан кезде үйлеріне оралуға ниет білдіргендердің өздерімен бірге алып кетуіне азық-түлік салып беріп отырған. Ауыл ақсақалы П.Т.Усманның айтуынша, су апатынан 78 адам Жұма мешітіне келіп бас сауғалаған екен.

Осы аптада олар мұсылмандармен бірге Құрбан айт мейрамын тойлап, өздерінің туған жерлеріне оралған. Сонымен қатар, 2 топ құраған  мұсылмандар Малаппурам және Ваянад округтерінде орналасқан индуистік ғибадатханалардың төңірегін су апаты салдарынан болған залалдан тазартқан.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: