Сауд Арабиясының дін істері жөніндегі министрі шейх Салах бин Абдулазиз бин Мұхаммед аш-Шейхтің айтуынша, атауы аталмаған бір мұсылман елге қарағанда тіпті Израиль де өз азаматтарының қажылық парызын өтеп, Меккеге келуіне кедергі келтірмейді. Бұл жөнінде израиль блогері «Абу Әли» мәлімдеген. «Қажылыққа кедергі келтіргендерді Алла жазалайды», – деп түсіндірген саудиялық шенеунік.
Мүмкін аш-Шейх Катар билігін меңзеп отырған шығар. Осы жылы Меккеге шамамен 500-дей ғана катарлық қажы келген екен. БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, олар Катардан шығарда сапарларының негізгі мақсатын жасырып қалған. Барлық қажетті құжаттарды олар Кувейтке келіп ғана әзірлеген. Сондай-ақ, өз елінде бастарына қиыншылық түспесін деп қажылар оларды суретке түсірмеуді өтінген екен.
Қажылықтың алдында ғана Катар мен Сауд Арабиясы бір-бірін қажылқ өтеуге кедергі келтіруде деп айыптаған болатын. Айта кету керек, бір жылдай уақыт бұрын аталмыш екі ел дипломатиялық қарым-қатынастарын үзіп, САК Катарға шектеме енгізген болатын.
asyldin.kz