Түркия Газа аймағындағы 15 мыңдай отбасына құрбандық етін таратуда

Түркия Газа аймағындағы 15 мыңдай отбасына құрбандық етін таратуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түрік діни қоры Газа аймағында тұратын 15 мыңдай отбасына құрбандыққа шалынған малдардың етін таратуды бастады. Бұл жөнінде Газа аймағындағы дін және қорлар ісі жөніндегі министрлікке қарасты зекет бөлімінің директоры Усама Селим мәлімдеді. Түркиядан келген еттің таратылуы аталмыш министрліктің қадағалауымен іке асуда.

Усама Селимнің айтуына қарағанда, Құрбан айт мейрамында мұқтаж жандарға 34 мың кг ет таратылатын болады. Сонымен қатар, шенеунік Газа тұрғындарының ауыртпашылықтарын жеңілдетіп, тойтарысты қолдауда Анкара тарапынан көрсетіліп отырған күш-жігердің маңыздылығын  атап өтті.

Газа аймағында тұратын 2 миллионнан астам палестиналықтар 12 жыл бойы адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келеді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: