Венгрияда босқындарға көмектескені үшін түрмеге отырғызатын болады

Венгрияда босқындарға көмектескені үшін түрмеге отырғызатын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Венгрияда босқындарға қарсы жаңа заң қабылдануы мүмкін.

Венгрия үкіметі ел парламентінің қарауына бір қатар заң жобаларын тапсырды, сол жобалардың біреуіне сәйкес заңсыз босқындарға көмек көрсеткендері үшін түрмеге отырғызу қарастырылған.

Заң жобасының түсіндірме жазбасында көрсетілгендей, мұндай «қылмыс» үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айырып, түрмеге қамау жазасы ұсынылған.

Парламенттегі премьер-министрдің өкілі Чаба Дёмётёрдің түсіндіруінше, ұйымдардың босқындарға көрсететін қандай қызметінің көмек болып табылатынын сот анықтайтын көрінеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, теориялық тұрғыдан алып қарағанда бұл анықтамаға босқындардың құқықтары туралы ақпарат беру, бассауға берілу жөнінде өтініш беруге көмектесу немесе олардың соттағы адвокаттық қолдауы жатады екен.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)