Ахмет Мұса 40 тұтқынға азаттық сыйлады

Ахмет Мұса 40 тұтқынға азаттық сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Дубай қаласының кәсіпкері әрі филантроп Фироз Мерчант қасиетті Рамазан айында ерекше қайырымдылық шарасымен көзге түсіп, темір тордың аржағында жаза басып, жазасын өтеп жатқан 500-ден аса тұтқынды қалтасынан қаржы шығарып, азат еткені турасында хабар таратқан едік.

Қасиетті Рамазан айында жақсылық жасаудан жарысқа түскен кәсіпкерлер мен әлемге әйгілі спортшылар, танымал тұлғалардың қатарында Мәскеу қаласының ЦСКА командасының және Нигерия құрамасының шабуылдаушысы Ахмет Мұса да Нигерияның Кано қаласында қарызын қайтара алмағандықтан айып арқалап, абақтыға жабылған 40 тұтқынның қарызын өтеп беріп, оларға азаттық сыйлады.

Бұл жайында Sporting life ақпарат көзі хабар  аратты. Футболшының қайырымдылығы мұнымен ғана шектеліп қалмай, мұқтаждарға азық-түлік әперіп, ақша үлестірді. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: