Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Мәскеу мемориалдық мешітінде Ресей мүфтиінің бірінші орынбасары Рушан қажы Аббясовпен, аталған мешіттің имамы, белгілі теолог Шәміл Аляутдиновпен сұхбаттасты.
Ғалымдар әлемдегі діни ахуал, мұсылман үмбетінің бірлігі, діни ғылыми жаңалықтар, жас буынның исламға құштарлығы, т.б. тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Ш.Аляутдинов ҚМДБ делегациясын мешіт тынысымен таныстырып, ғылыми бағыттағы жобаларымен бөлісті.
Кездесу соңында Бас мүфти Ресейдегі дін қызметкерлеріне батасын беріп, жұмысына береке тіледі.
muftyat.kz


31 Июль 2026
15 Сафар 1448

