Ресей сапары: тараптар тәжірибе алмасты (ФОТО)

Ресей сапары: тараптар тәжірибе алмасты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация ресми сапар аясында Ресей мұсылмандары діни басқармасының жұмысымен танысып, екіжақты тәжірибе алмасты.

Дін қызметкерлері ғылыми салада игі жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаластық жасады. Атап айтқанда, «Ұлы жібек жолы» жобасы аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы пікір алмасты. Еуразия мұсылман ғұламалары форумы аясында бірыңғай өзекті пәтуалар шығару мәселесі де сөз болды.

Екіжақты кездесу барысында Ресей мұсылмандары діни басқармасы, мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдин Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезіне қатысатынын мәлімдеді. Екі елдің мүфтилері съезд аясында жүзеге асыратын жұмыстарды пысықтады.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: