БАӘ-нің тұрғыны 25 жыл бойы Рамазан айында адамдарды тегін тамақтандырып келеді

БАӘ-нің тұрғыны 25 жыл бойы Рамазан айында адамдарды тегін тамақтандырып келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

25 жыл бойы Абу-Даби полициясының бұрынғы басшысы Сакер Әл-Мехайраби қасиетті Рамазан айында ораза ұстайтын мұсылмандарға арнап өз шатырында мол дастархан жайып, тегін ауыз ашуға мүмкіндік жасап келеді.

Дәстүрлі түрде аталмыш шатыр Әл-Халиж жолы бойындағы Әл-Мехарбах ауданында орналасады. Әдетте Рамазан айы бойы ол күніне шамамен 500 адамның аузын тегін аштырады. Ал шатыр болса қайырымдылық жасаушының есімімен аталған азық-түлік дүкені мен мешіттің қасында орналасқан дербес үйдің маңына жайғасатын. Осы жылы да Әл-Мехайраби өз дәстүрінен таймай күллі ораза ұстаушы мұсылмандарға арнап күнделікті дастархан жаятын болады.

Бұл игі дәстүр 25 жыл бұрын қалыптасқан болатын, сол кезде ауыз ашар оның үйінің қасында орналасқан мешіттің ауласында берілетін. Оған біртіндеп өздерінің тағамдарын көтере келетін көршілері қосыла бастады. Осылайша, олар бірігіп ауыз ашатын болған.

Сондай-ақ, ол 15 жыл бойы жыл сайын Рамазан айында Йеменнің 5 мешітінде 150 мүмінге арнап ауыз ашар дастарханын жаяды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: