Енді қажылардың бірыңғай киім үлгісі болады

Енді қажылардың бірыңғай киім үлгісі болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Қажылық қорының бастамасымен қажылардың жаңа киім үлгісіне жарияланған дизайнерлер арасындағы байқау өз мәресіне жетті.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ қажылық қорының директоры Айдар Салқынбаев және басқа да қажылық компанияларының басшылары қазылық еткен байқауға 14 дизайнер қатысып, бақтарын сынады.

Байқау шарттары Діни басқармаға қарасты сайттарда алдын-ала жарияланған-ды. Қазылар киім үлгісінің ыстық мекенде ыңғайлы, әрі дизайны қазақи нақышта болуына көп көңіл бөлді. Осындай талаптардың үдесінен шыға білген «Абырой КЗ» фирмасы тіккен киім ерекше деп танылып, бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға Ұмра қажылығына тегін жолдама берілді.

Байқау қорытындысында сөз алған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан: «Қажылыққа апаратын 18 фирма болса, 3000 қажы 18 түрлі киініп баратын. Осыны бір ізге келтіріп, еліміздің ынтымағын, бірлігімізді көрсетуіміз керек», - деп аталмыш шараның мәні мен маңызын атап өтті.

Ендігі кезекте қажылық фирмалары қажыларды осы белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз етулері тиіс. 

muftyat.kz



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: