Әмірлік шенеуніктері мұсылмандардың мейрамы Ораза айттың алдында өз бонустарын алатын болады.
БАӘ-нің президенті шейх Халифа ибн Зайд Әл Нахайян, БАӘ-нің премьер-министрі әрі Дубай әміршісі шейх Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактум дубайлық барлық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына бонустың қосылып төленетінін мәлімдеген.
Сыйақының максималды мөлшері - 50 мың дирхам болса, ал минималды мөлшері – 5 мың дирхамды құрайтын болады.
Сонымен қатар, Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан ибн Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактум жергілікті заңнамаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз етілетін барлық тұлғаларға қаражаттың бөлінуі туралы үкім шығарды. Осылайша, жеңілдік санатындағы азаматтар мұсылман мейрамының құрметіне сай өз жалақыларының көлеміндей қосымша ақшалай сыйлықақы алатын болады.
asyldin.kz